Previous Page  57 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 57 / 152 Next Page
Page Background

көбірек сіңсе, сәбидің денсаулығы мен ақыл-есі де

соншалықты кем болып дүниеге келеді.

Жатырдағы ұрыққа алкогольдің әсер ету факторла-

ры түрлі формаларда өз көрінісін табады. Көп ретте ұрық

өсіп, жетілмей қалады немесе әлсіз, нашар болып туады.

Маскүнемдердің балаларының арасында шетінеу оқиғасы

көп болады. Баланың кейбір дене мүшелері жетілмей ту-

ады. Мәселен, тілі сақау болып шығады, түрі ұсқынсыз

болады т.б. Ал енді бала емізіп жүрген әйел арақ-шарап

ішсе, алкоголь қан арқылы сол заматта ана сүтіне еніп,

жас нәрестенің денсаулығына орны толмас зардап кел-

тіреді. Ең әуелі, нәрестенің нерв жүйесін бұзады. Сонан

соң сәбидің асқазанын, бауырын, бүйрегін, жүрек-қан

тамырлар жүйесін ауруға шалдықтырады. Баланың ақыл-

есінің кем болуының ең негізгі себептерінің бірі де дәл

осы маскүнемдік дерті екен.

Әке-шешенің спирттік ішімдіктерге салынуы олардан

туған балаларға қаншалықты әсер ететіндігіне қатысты

көптеген дәрігерлік зерттеулер жасалған. Мәселен, Фран-

цияда жасалған бір зерттеуде маскүнемдердің отбасында

дүниеге келген 57 баланың денсаулығы тексерілген. Зерт-

теу нәтижесінің қорытындысы бойынша, 57 сәбидің 25-і

нәресте кезінде шетінеген; 5 нәресте өсе келе қояншық

(эпилепсия) ауруына ұшыраған; 5 бала су ми (склероз) деп

57