

аталатын ауруға шалдыққан; 12 бала өсе келе «шизофре-
ния» секілді түрлі психикалық ауруларға шалдыққан; 57
баладан 10 бала ғана дені сау болып өскен. Алайда бұл он
баланың да иммунитеті өте әлсіз, аурушаң болып өскені
анықталған.
Өкінішке орай, қазіргі таңда бұқаралық ақпарат
құралдарының кең қанат жайып, халықтың сауаттылық
және мәдени деңгейі көтерілгеніне қарамастан, болашақ
ата-аналар ішкілік ішу салдарынан балаларының қандай
қайғылы күйге ұшырайтынын сезбеуде.
Баланың іштен ауру, есуас болып тууы үшін
ата-анасының маскүнем, ішкілікке салынған болуы мін-
детті емес. Ауызға алған азғана алкогольдің бір айға
дейін адамның қанында болатынын қазіргі медицина
дәлелдеген. Сондықтан алкогольді ата-анасы бір дүркін
ішкен кезде біткен бала да жарымес, аурушаң болып туа
береді екен.
Ішкілікке салыну тек қана ауру-сырқауға арқау болып
қоймай, адамды моральдық азғындыққа ұшырататын ін-
дет. Маскүнем ата-ананың тәрбиесінде болған баланың
психикасында көптеген ауытқушылықтар орын алады.
Мұндай балалардың бойындағы қорқу, ұят, намыс секілді
сезімдер өзге балаларға қарағанда басқаша қалыптасады.
Мәселен, балалардың түнде өзінен-өзі қорқуы, жеңіл
дәретін ұстай алмауы, көп ретте маскүнемжанұяның бала-
ларындакездесетінжайттар.Мамандарбалалардыңтілінің
сақау болып шығуын да ата-аналарының маскүнемдігі
салдарынан деп есептейді. Маскүнем отбасында өскен
баланың көп ретте адамгершілік қасиеттерден жұрдай
болып келетіні, сонымен қатар, «ұяда не көрсе, ұшқанда
соны іледі» демекші, өсе-келе ішкілікке әуес болатыны
анықталған.
58
АРАҚ
Апатқа апарар үш індет