Previous Page  61 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 61 / 152 Next Page
Page Background

таза» спирт деген түрлері бар.

Улану оқиғалары көп ретте

техникалық спирттен жасалған

арақ өнімдерінен болатыны

белгілі. Техникалық спирт таза

спирттен әлдеқайда арзан. Ал

тағамдық спирттің бағасына ак-

циздік салық қосылғандықтан,

бағасы удай қымбат. Сонда да

пайда үшін адам өмірін тиынға

санамайтын жетесіз кәсіпкерлер біле тұра, техникалық

спирттен арақ жасап сатудан тайынбайды. Ал таза

арақтың бағасы өте қымбат болғандықтан, жай адамның

қалтасы көтере бермейді. Шарап өндірушілердің айтуын-

ша, арақ-шарап нарығындағы алкогольдік өнімдердің 60

пайызға жуығы жалған өнімдер көрінеді. Ал құзырлы ме-

кемелер арақ-шарап өнімдерінің санитарлық талаптарға

сай сапалы әзірленуін, адамдар уланып қалмайтындай

таза болуын қамтамасыз етуде қауқарсыз қалып отырғаны

анық жай. Өйткені, арақтан уланғандар саны көбеймесе

азаяр емес. Мәселен, Қазақстанда айлық табысы 70 мың

теңге шамасындағы азаматтардың дені 250-300 теңге

шамасындағы арзан арақты алып ішетін көрінеді. Таза

спирттен жасалған «сапалы» өнімдерді еліміздегі азғана

ауқаттылар тобы тұтынатыны белгілі. Осы факторды ес-

керсек, соңғы жылдары арақтан уланғандардың қатары

неліктен көбейіп бара жатқанын аңғаруға болады.

Арақтан улануды шын мәнінде ұлттық қасірет санау

орынды. Ол адамдардың өмірін қысқартуы өз алдына,

арақтан уланған адамнан туатын ұрпақтың да дені сау

болмайтыны белгілі. Әрине, халықты бұл жаман әдеттен

арылтуға бүкіл ел болып, қоғам болып атсалысу қажет.

61

Апатқа апарар үш індет

АРАҚ