Previous Page  36 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 152 Next Page
Page Background

Қазақстан Халықаралық те-

мекiге қарсы күрес жөнiндегi

конвенцияға қол қойғаннан

кейiн елімізде темекіге қарсы

күресте бірқатар игі іс-шара-

лар атқарылуда. 2008 жылдың

1 қаңтарынан бастап, қорап

сыртындағы “Шылым шегу

сiздiң денсаулығыңызға өте

зиянды”, “балаларды темекi

түтiнiнен қорғаңыздар”, “темекi

шекпейтiндердiң өмiрi ұзақ” де-

ген жазудағы әрiптер көлемi 30 пайызға үлкейтiлдi. Сонда

да темекі тарту азаяр емес. Нарықты зерттейтiн тәуелсiз

агенттiк – “Бизнес сарап” таратқан ақпаратқа сүйенсек,

2008 жылы Қазақстандағы шылым өндiрiсi 28-29 млрд.

дана (1,4-1,5 млрд. қорап) болған. Бұл көрсеткiш 2006

жылы 25 млрд. дананың көлемiнде болған. Өнiм өндiру

қарқыны тұтынушылық сұранысқа тәуелдi. Ендеше 25

млрд. дананың 29 млрд.-қа көбейгеніне қарап, темекi

тартатындардың саны өсiп келе жатқанын аңғаруға бола-

ды.

Қазiргi кезде iшкi нарықта екi компания – “Филипп

Моррис Қазақстан” (56,4%) мен “Галахер Қазақстанның”

(40%) үлес салмағы басым. Қалған бөлiк шет елдерден

темекi тасымалдайтын компаниялардың еншiсiне ти-

едi. Еуропаның шылыммен күреске қатысты көтерген

бастамасын қыркүйектiң ортасында “Темекi түтiнiнен

азат Қазақстан үшiн!” ұлттық коалициясының өкiлдерi

де қолдады. Коалиция президентi Айқан Ақанов: “Еуро

Одақ стандарттарына сәйкес, темекi өнiмiне салынатын

жалпы салықтық салмақ 70 пайыздан (Қазақстанда –

26%), ал акциздiң үлесi 57 пайыздан (Қазақстанда – 11%)

ТЕМЕКІ

Апатқа апарар үш індет

36