Previous Page  111 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 152 Next Page
Page Background

Нашақорлық өлімге апарады

Е

сірткі немесе психотроптық заттар

ағзадағы зат алмасу процесіне еніп,

ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми

жасушаларын өлтіреді. Серотин – мидағы

көңіл-күй өзгерісін айқындайтын элемент.

Сонымен қатар, есірткі қолдану нәтижесінде

иммундық жүйе оңбай зардап шегеді. Адам

ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз

болып қалады. Тамырға есірткі жіберу ең

қауіптісі. Өйткені, психика, жүрек-қан та-

мырлары және жүйке жүйесі ғана емес,

сонымен қатар, бауыр, бүйрек аурулары

пайда болады. Иммунитет төмендейді, тістер бұзылады,

тамырлар ауырады, ақыл-ой, есте сақтау қабілеті күрт

төмендейді және ең қауіптісі СПИД дертіне шалдығу

қаупі өте жоғары.

Есірткіні артық мөлшерде қолданған адамның кенет-

тен өліп кету қаупі жоғары. Дегенмен, бәрінен қауіптісі

– адамның есірткіге тәуелді болып қалуы немесе абсти-

ненттік синдромға ұшырауы. Мұндай аянышты күйге тап

болған адам (көбіне жастар) есірткіні тастағысы келсе де

тастай алмай адам төзгісіз тән мен жан азабын қатар тар-

тады. Осының нәтижесінде психикасы бұзылып, бойын

үмітсіздік билейді. Мұндай жандардың көбісі есірткі де-

ген құрдымның түбіне кетіп тынады. Ондайлардың басым

көпшілігі артық «дозадан» немесе өз-өзіне қол жұмсау

арқылы өледі. Аңғалдықпен, албырттықпен осынау

кеселдің құрығына бір рет іліккен жас жеткіншектердің

қайта құтылуы тіптен қиын. Сондықтан есірткі деген

«тажалға» мүлдем жоламау ең абзалы.

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

111