Previous Page  115 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 152 Next Page
Page Background

Бауыр және бүйрек.

Есірткінің улы әсерінен ары-

луда ең ауыр жүк бауыр мен бүйрекке түседі. Бауыр мен

бүйрек жұмысының бұзылуы салдарынан бауырдың май-

лануы, қабынуы, және бауыр циррозы, гепатит және өте

ауыр бүйрек аурулары пайда болады.

Көз.

Есірткі заттар қолдану көзге өте зиянды.

Нәтижеде көздің жарықты көруде тепе-теңігі бұзылып,

алысты көре алмайды. Қылилық, қараңғыда түк көрмеу,

көз қарашығының үлкеюі немесе кішіреюі секілді көз ау-

рулары асқынады.

Тыныс алу жүйесі.

Есірткі заттар тынысты тарыл-

тып, жөтел, дем жетіспей қысылу, тыныс алу ағзаларының

сал болуы және осылардың салдарынан оқыстан өлуге

ұрындырады.

Қан-тамырлары.

Есірткі салдарынан қан аздық,

қанның улануы, қанның түрі мен құрамының өзгеруі,

қанның ұюы, гангрена, қан тамырларының бітелуі секіл-

ді аурулар туындайды. Әсіресе, есірткіні инемен қан

тамырға салу өте қауіпті.

Улану.

Есірткінің ағзаға төндіретін қатерлерінің

бірі – көп ретте өліммен аяқталатын улану оқиғалары.

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

115