Previous Page  119 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 119 / 152 Next Page
Page Background

Отбасында жиі-жиі ұрыс-

жанжалдың болуы салдарынан

баланың әке-шешесінен көңілі

суып,үмітсіздікпенқараусыздық

сезіміне салынуы;

Отбасы мүшелерінің бір-

біріне деген сүйіспеншілігінің

болмауы, мінез-құлықтарының

өзімшіл, бірбеткей және қатыгез

болуы;

Мектеп мұғалімдерінің, мектеп психологтарының

наша-қорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, балалар ара-

сында түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеуі;

Жас жеткіншектің достарының арасында наша-

қорлардың болуы, өзінен жасы үлкен достарының

жетегінде жүруі;

Отбасында имандылыққа баулитын тәрбиенің бол-

мауы;

Алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңайлығы,

құзырлы мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы

күресінің пәрменсіздігі;

Балалардың жастайынан дискотека, түнгі клуб, түнгі

ойын-сауық кештері, туған күн кештеріне үйірсектігі,

осы тұрғыдан, ата-аналар мен сынып жетекшілерінің ба-

лаларды дұрыс қадағаламауы;

Криминалдық пен гангстерлікті, есуастық пен

әпербақандықты, әсіре сексуалдықты дәріптейтін поп,

рок музыка, кино, теле бағдарламалар да жас жеткіншек-

терді есірткіге бір табан жақын қылады.

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

119