Previous Page  120 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 152 Next Page
Page Background

Жастарды есірткіге

үйрету тәсілдері

Е

сірткіге

тәуелділік

ең

алғашында «достық» арқылы

басталады. Есірткі сатушылардың

шабарманы бірнеше апта жалғасқан

«достықтан» кейін «бомбалау» деп

аталатын екінші қадам жасайды. Бір

сылтаумен қонаққа келген «шабар-

ман» сіздің жаныңызда байқамай аз

мөлшерде героин пакетін ұмытып

кетеді. Героин салынған пакетті қайта келіп алады

деген оймен бірнеше күн күтесіз. Бірақ «шабарман» ге-

роин үшін қайта келмейді. Осылайша бір күні «татып

көргеннен ештеңе болмас» деп, байқап көресіз. Алайда,

бірнеше рет қолдануға жететін пакет біткенде тәуелді

жағдайға тап болғаныңызды өзіңіз де байқамайсыз. Міне,

осы кезден бастап сіз «бомбаланған» болып есептелесіз.

Ендігі жерде есірткіге тәуелді болып, бір дозалық есірткі

үшін өзіңіз «шабарманға» айналатын, тіптен ұрлық, то-

нау секілді қылмысқа баратын жағдайға жетесіз. Әсіресе,

жастар арасында достарының бірі немесе бірнешеуі

есірткі қолданатын болса, мұндай баланың есірткіден

аман қалуы мүмкін емес.

Жастар бір-біріне темекі ұсынғандай есірткіні өте

оңай тауып береді. Жас жеткіншектердің албырттығы,

не нәрсені болсын байқап көруге деген құмарлығы

нәтижесінде жүре келе өте күшті есірткілерді де

қолдануды үйрене бастайды. «Есірткіден бас тартар бол-

сам, достарым келеке етіп, шеттетеді, жалғыз қаламын»

ЕСІРТКІ

Апатқа апарар үш індет

120