

Есірткі құрдымға батырады
Н
ашақорлық немесе уытқұмарлық адамның жаны
ментәнінбірдейауырдерткешалдықтырадыжәне
азғындатады. Есірткіні қолданған жанның ағзасының
барлық органдары зақымданады. Адам есірткісіз тұра
алмай, аз мөлшердегі есірткіге ақша табу үшін қылмыс
әлемінің қара жолына қалай түскенін өзі де білмей қалады.
Есірткіге тәуелділік адамда үздіксіз депрессия мен стресс
тудырады. Тіптен өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізеді.
Нашақорлар есірткінің құлына айналады. Есірткісіз өмір
сүре алмайтын халге жетеді.
Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуанна шегіп, улы
химиялық заттарды иіскейтін болса, қазір героин, како-
ин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Мамандардың
айтуынша, нашақорлардың орташа өмірі 30 жаспен шек-
телетін көрінеді. Жалпы дүние жүзінде жылына 100
мың нашақор өз өмірімен қош айтысады. Ғалымдар ұл
балалардың 55 пайызының, қыздардың 82 пайызының
ағзасы героинды алғаш қолданғаннан кейін-ақ оған
тәуелді болып қалатынын алға тартады. Мәселен, Мәскеу
мемлекеттік психиатриялық клиникасында емделген
100 нашақордың бесеуі ғана есірткімен қош айтысатын
көрінеді, қалған 95 нашақор, өкінішке орай, есірткінің
құрығынан құтыла алмаған күйі өледі екен.
Есірткі – жарқын болашағыңның жарығын өшіру
үшін жолыңа құрылған тор. Бір шырмалған жанның одан
құтылуы оңайға соқпайды. Біреу қызық көріп өзі ба-
рады, біреу алдауға түсіп байқаусыз барады, енді біреу
өзгелердің ықпалымен барады, т.т. Қысқасы, баратын жол
көп, шығатын жол бұлыңғыр.
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
116