

Есірткінің ағзаға кері әсері
Ж
алпы есірткі және уытқұмарлық заттардың ке-
селді кесірі мұны тікелей қолданатындармен
шектелмейді. Бұл індеттен нашақорлардың жанұясы,
жақындары, достары және тұтас қоғам зардап шегеді.
Есірткіге тәуелділіктің орасан зардаптары ең алды-
мен моральдық-рухани өмірде көрініс тауып, қоғамдық
тыныштықты ойрандайтындықтан, оны қолданушының
ағзасынакелтіретінзияныкөпреттеекінші кезеккеығысып
қалып жатады. Дегенмен есірткі және уытқұмарлық
заттардың адам ағзасына келтіретін зияндары шаш-етек-
тен. Енді есірткінің ағзаға келтіретін зияндарына қысқаша
жеке-жеке тоқталып өтелік.
Ми және орталық жүйке жүйесі.
Барлық есірт-
кі түрлері ми мен орталық жүйке жүйесіне өте зиянды.
Басқаша айтқанда ақыл-естің ең азулы дұшпаны – есірт-
кі. Есірткіге тәуелді адамдар, ең алдымен, жүйке және
психикалық ауруларға шалдығады. Ұйқысыздық, жын-
дану, ерте алжып, есінен адасу, ұстамалар (сандырақтау,
қисынсыз әрекеттер жасау), галлюцинациялар (бос
қорқыныш, елес көру, дыбыс есту, шошыну), ұмытшақтық,
секілді дерттерден көз ашпайды және шара қолданбаса
өліп тынады.
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
114