Previous Page  118 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 152 Next Page
Page Background

тын жасқа жетпегендіктен, қызығушылықпен есірткінің

құрбанына айналады. Бұған біріншіден баланың жүрген

ортасы әсер етеді. Адам бала кезде не нәрсені бол-

сын көруге, білуге құмартады. Есірткі таратушылар

құрбандықты ең бірінші дәл осы жас өспірімдер арасынан

іздейді. Өйткені балаларды алдап-арбау өте оңай. Тіптен

кейбір балалар өздері келіп есірткінің қақпанына түсіп

жатады. Сондықтан әрбір ата-ана балаларын, әсіресе,

өтпелі кезеңде тәлім-тәрбиесіне баса назар аударып,

жүріс-тұрысын жіті қадағалағаны жөн.

Бүгінде мектептерде есірткіні таратумен көбіне

отбасында дұрыс тәрбие берілмеген жетесіз балалар ай-

налысады. Мұндай балалар көбіне қатігез және бұзық

келеді. Айналасына өзі секілді бұзық балаларды жи-

нап алып, өзгелерге өктемдік жүргізгісі келеді. Ұсақ

қылмыстар мен бұзақылық әрекеттерге бір табан жақын

болады. Міне, осындай балалар есірткі таратушылардың

көзіне түсіп, құрығына ілігеді. Кейін келе мұндай балалар

қысым көрсету, қорқыту, еліктіру арқылы өзге балаларды

нашақорлыққа тартады.

Есірткі заттарын пайдалану осы күнгі жастар ара-

сында сәнге айналып кеткен. Анаша қолданатындар

«крутой» болып саналады. Криминалды киноларда әсіре

дәріптелетін«крутой»қаһармандар,қоғамдакриминалдық

оқиғалардың өріс алуы, мектеп және жоғары оқу орын-

дарда криминалды топтардың тайраңдаған жүрістері

жастарды еліктіреді.

Жас жеткіншектердің нашақорлыққа салынуына

сеп болатын факторлар мыналар:

Ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытының болма-

уы және үйден тыс өмірін дұрыстап қадағаламау;

Отбасы мүшелерінің бірінің арақ-шарап ішуі немесе

есірткі қолдануы;

ЕСІРТКІ

Апатқа апарар үш індет

118