Previous Page  124 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 152 Next Page
Page Background

Есірткіге тәуелді болып қалу

М

едициналық дерек көздеріне қарағанда есірткі-

ге тәуелділік дегеніміз – адамды еріксіз есірткі

қабылдауға мәжбүрлейтін, көндіретін ми мен психиканың

созылмалы, рецидивті ауруы. Есірткіге тәуелділік ең

әуелі мидың ауруы. Өйткені есірткі пайдалану мидың

құрылымы мен функциясын өзгертеді. Есірткі пайдала-

нуды әдетке айналдырғандардың миларында көптеген

ақаулар пайда болатыны анықталған. Мұндай жандар

өз-өздерін қадағалай алмайды, ақыл-есі тұманданады.

Ерік-жігері әлсіреп, есірткінің құрсауынан шыға алмай

қалады. Медицинаның адамды есірткіден құлан-таза

айықтыруға күші жетпейді. Дегенмен, есірткіні тастауға

тас түйін бекінген жандарды бірқатар дәрі-дәрмектермен

қатар психотерапияның көмегімен емдеуге болатынын

айта кеткен жөн.

Есірткіге құмар адамдар – ауру жандар екенін жақсы

білген жөн. Нашақорлық індетінің адамға келтіретін

зардаптарының ішінде ең сорақысы – есірткіге тәуелділік.

Есірткініңдәмінтатып, оныңбірсәттікалдамшыләззатына

бой алдырып, тәуелді болып, нашақор атанған адамдар

ЕСІРТКІ

Апатқа апарар үш індет

124