Previous Page  129 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 152 Next Page
Page Background

секілді ауыр қылмыстардың кез келгенін жасаудан

тайынбайды.

4. «Кейбір есірткі түрлерінің (марихуана) анау айтқан

зияны жоқ». Бұл да барып тұрған өтірік сөз. Есірткі

заттар «зияны аздау» немесе «көптеу» деп сыныптал-

майды. Барлық есірткі түрі адам үшін зиянды. Барлық

есірткі зат адамды өзіне тәуелді қылады. Тіпті «жеңіл»

деп саналатын марихуана есірткісінің өзі адамды

психикалық тәуелділікке тап қылады. Мәселен, АҚШ-

та жыл сайын 100 мың адаммарихуанаға тәуелділіктен

емделу үшін наркологиялық орталықтарға келетін

көрінеді. Марихуана есірткісі ең бірінші адамның

ерік күшін әлсіретіп, салғырттық пен салақтық пай-

да болады. Марихуана қолданатындарға тән ең негізгі

симптом – адамда есте сақтау қабілеті мен назар ауда-

ру қасиеті зардап шегеді. Мамандар мұны мидағы

кейбір жасушалардың өлуімен түсіндіреді. Марихуана

адамның иммундық жүйесін бұзатындықтан, инфек-

циялар тез жайылады. Бәрін айт та бірін айт, ең үлкен

қатер – барлық нашақорлар есірткі қолдануды ең

бірінші марихуанадан бастағанын ұмытпаған абзал.

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

129