Previous Page  131 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 152 Next Page
Page Background

балаларын есірткіге тартады екен. Бар пәле сол күннен

басталды. Жүре келе үйден ақша ұрлауды әдетке айнал-

дырдым, құдайға шүкір, адам өлтірген жоқпын, түрмеге

түспедім, бірақ осы кезге дейін жамандық атаулының

көпшілігін жасадым. Менің нашақор екендігімді ата-анам

3-жылдан кейін ғана білді. Өйткені мен 8-сыныптан кейін

арнайы әскери мектепте оқыған болатынмын. Есірткі

қолданатынымды анам алғаш білгенде, ұзақ жылап, тіпті

талықсып құлап қалғаны да есімде. Бірақ ол кезде мұны

ойлап бас қатырып жатпадым. Ойлануға мұрша да болған

жоқ. Алдымда «қалай есірткі тапсам екен?» бір ғана мақсат

тұрды. Осы қайғыдан әкем 6 жыл бұрын дүниеден өтті.

Бәріне өкінем, бірақ шара жоқ. Ал анам болса, әлі күнге

дейін мені «мүмкін қойып кетер, түзелер» деп үміттенеді.

Апармаған жері жоқ. Соңғы 5 жыл көлемінде Алматыдағы

5 наркологиялық емдеу-сауықтыру орталығының бәрінде

болдым. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емшілерге де

апарды. Адам болар деп 2 мәрте үйлендірді де. Екеуінде

де ажырасып тындым. Кішкене қызым бар.

Қазір енді есірткіні тастағым келсе де тастай алмай

қорлық көрудемін. Есірткінің құдіреті сонда, ол адамның

психикасын, яғни жан дүниесін түгел баурап алады. Үсті-

үстіне пайдалана бергің келеді. Есірткіге тәуелділік – ол

үлкен дерт. Өйткені, пайдаланып жүрген адамның өзі, ба-

сынан көп жағдайлар өтпейінше, есірткінің жаман екенін

түсіне бермейді, өзін аурумын деп санамайды. Мысалы,

бұрындары мені анам түрлі емдеу орталықтарына апарып

тастайтын. Ал менің ойымда бір ғана нәрсе болды: тезірек

сол жердегі уақытты өткізіп, үйге қайту, сосын қайтадан

есірткі пайдалану. Бірақ қазір есірткіні жек көремін.

Тастағым келеді. Қайта адам болып, жаңаша өмір бастасам

деймін. Алайда мұны жасау оңай емес. Өйткені, есірткіні

тастаймын деген адамдардың 100 пайыздан 10 пайызы

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

131