Бүгінгі күні есірткі саудасының ауқымы күннен-күнге
кеңейіп барады. Есірткі саудасымен айналысатындар
жастардыөздерінежұмысістеугемәжбүретеді.Алғашында
есірткіні қолдануға үйретіп, кейіннен есірткі саудасында
белсенді түрде қолдана бастайды. Бұрын жасөспірімдер
нашақорлыққа 12-14 жастан салынатын болса, қазір тоғыз
жастан бастап есірткінің дәмін татып жатқандар бар.
Жастар арасындағы нашақорлықтың негізгі себебі үйдегі
және мектептегі тәрбиенің әлсіздігі болып отыр.
Қазақстанда нашақорлықтың зияндылығын ашып
айтып, жиіркендіретін үгіт-насихат жұмыстары мар-
дымсыз. Нашақорларды емдейтін орталықтар да тым аз.
Облыс орталықтарындағы наркодиспансерлерде көбіне
маскүнемдер емделеді.
Жасөспірімдер арасында ағарту жұмыстарын
жүргізуде балалардың психологиясына әсер ету тетіктері
дұрыс ескерілмей жатады. Үгіт-насихат тілі ғылыми тер-
миндермен емес, қарапайым тілде болуы қажет. Балаларға
жылдар бойы ғылыми терминдермен қорқыту тәсілі көп
пайда бермегені белгілі. Ендеше өзгеше тәсілдерді де пе-
дагог-мамандар ойластыруы қажет.
Нашақорлықты тізгіндеудің келесі бір пәрменді
құралы – жалпыхалықтық наркологиялық тексеру жасау.
Бұл тәсіл АҚШ-та жақсы жолға қойылған. АҚШ-та 1986
жылы тамыз айында ел президентінің өзі ерікті түрде
наркологиялық тексеруден өткен. Артынан студенттер,
спортсмендер, полиция қызметкерлері, маклерлер, сол-
даттар, әкімшілік қызметкерлер, қарапайым жұмысшылар
ерікті түрде наркологиялық тексеруден өткен. Мұндай тек-
серулер азаматтардың есірткіден бойын аулақ ұстауына
қоғамдық бақылау тетігі болар еді.
Еліміздегі қазіргі ахуалға байыппен қарасақ,
бейбіт күнде қаншама жастарымыздан айыры-
135
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ