Нашақорлыққа бейім елдер мен
мәдениеттер
Б
үгінгі таңда әлем жұртшылығын қатты алаңдатып
отырған мәселелердің басында есірткі індеті бар.
Көптеген елдерде есірткіге қарсы күрестің пәрменділігін
арттыру үшін арнайы заңдар қабылданып, кешенді
бағдарламалар жүзеге асырылуда. Есірткі саудасына қатаң
жазалар белгіліп, өзге елдермен бірлескен жобалар жүзеге
асыруда. Алайда жыл өткен сайын осы бір ғаламдық дерт
асқына түсуде.
Осы орайда айта кетерлік бір жайт, нашақорлық дерті
көбіне батыс елдері мен батыс мәдениетінің ықпалындағы
елдерде жайлаған. Мәселен, әлемге тарайтын есірткінің
қомақты бөлігі Ауғанстаннан шығатыны белгілі. Бір
ғажабы, дәл осы Ауғанстан мен көршілес Пәкістанда
нашақорлық індеті жоққа жақын. Мұның сырына үңілген
мамандар діни-мәдени фактордың шешуші роль ойнай-
тынын анықтады. Ислам дінін ұстанатын бұл елдерде
есірткіге қарсы күрестің пәрменділігі бай әрі қуатты
батыс елдеріне қарағанда мүлдем әлсіз. Алайда есірткі
қолданатындар жоқтың қасы. Осыған қарап нашақорлық
дертінің асқынуы мәдени-діни ортаға тікелей байланыс-
ты екендігін айтуға болады. Кейбір мамандар есірткі
дерті көп ретте тұтынушылыққа негізделген бай елдерде
өркендегенін алға тартса да бұл пікірге де қосылу қиын.
Өйткені, тұтынушылық деңгейі жоғары, асқан бай араб
елдерінде де есірткі мәселесі жоқ. Ендеше, нашақорлық
індетінің таралуына ыңғайлы елдер мен мәдениеттерді
қысқаша былай тұжырымдауға болады:
Батыс елдері (АҚШ, Еуропа елдері, Канада, Австра-
лия, Израиль). Бұл елдерде нашақорлыққа қарсы күреске
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ
137