Previous Page  139 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 152 Next Page
Page Background

Есірткі мәдениеті

Ж

астарды есірткіге тартатын өмір сүру салты

мен түсінігі, көңіл көтеру мекендері мен дүние-

таным дәрежесі «есірткі мәдениеті» деп аталады. Есірткі

мәдениетінің өрісін кеңейтетін факторлар мыналар:

1. Маскүнемдік.

Маскүнемдік көп ретте тән

құмарлықтың көрінісі ретінде сипатталады. Рақатқа бату

үшін адам ар-намысы мен абыройын аяққа таптап, араққа

салынады. Өз денсаулығына өзі қастық жасайды. Мұндай

түсініктегі адам үшін сәті келсе есірткіге бастау да оп-

оңай. Өйткені, маскүнемдік сәтінде адам есуастықпен

есірткінің зиянын ойлап бас қатыра бермейді. Сондықтан

нашақорлардың көпшілігінің маскүнемдер арасынан

шыққаны тегін емес.

2. Имансыздық.

Нашақорлыққа бастайтын дүние-

таным деңгейінің бір көрінісі – имансыздық немесе

рухани дүниедегі азғындық. Жүрегінде иманы бар жан

әсте есірткі ге жоламайтыны анық. Иман адамды

азғындықтан сақтайтын рухани қорған іспетті. Сондықтан

есірткі мәдениетін имансыздыққа негізделген мәдениет

деп атауға толық негіз бар.

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

139