Previous Page  144 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 152 Next Page
Page Background

Есірткіге қарсы қоғамдық күрес

Е

сірткіге қарсы қоғамдық күрес – адамзаттың

азғындауына қарсы күрес. Ал оның салауат-

ты өмір салтымен байланыстырылуы жайдан-жай емес.

Қазіргі таңда есірткіге қарсы қоғамдық күрес дегенде,

алдымызда күрделі екі сұрақ көлбеңдейді: бірі – есірт-

кіге бой алдырған адамдарды (әсіресе жастарды) қалай

құтқарамыз? Екіншісі – ойы да, бойы да таза алаңсыз

өмір кешіп жатқандарды нашақорлық індетінен қалай

сақтаймыз? Міне, осы тұрғыдан салауатты өмір салтын

жаппай насихаттаудың маңызы ортаға шығады. Меди-

цина атасы саналатын Гиппократ: “Төтенше ауруларға

төтенше ем қажет” деген екен. Олай болса, нашақорлық

секілді қасіретті бір ғана медицина күшімен емдей алмай-

мыз. Бұған тұтас қоғам болып жұмылуымыз қажет. Бұл

дертке қарсы тұрудың амал шараларын іздеуіміз қажет.

Осы тұрғыдан нашақорлыққа қарсы қоғамдық күрестің

аса маңызды бес бағытына қысқаша тоқтала кеткенді жөн

көрдік:

1. Мемлекеттің құзырлы органдарының міндеті.

Мемлекеттің құзырлы органдарының басты міндеті –

ЕСІРТКІ

Апатқа апарар үш індет

144