Нашақорлық және қылмыс
Е
сірткі қолданушылар өз өміріне балта шапқан тірі
өліктер ғана емес, сонымен бірге олар қоршаған
ортаға, құрбы-құрдастарына және айналасындағыларға
қауіпті қылмыскер. Оларға есірткінің түкке тұрмайтын
мөлшері үшін адам өлтіру қиын емес. Есірткінің күн
сайын кең қанат жайып, таралуы қылмыстың көбеюіне
ықпал етіп отыр. Героин, какоин, морфий, синтетикалық
таблеткалардың кез келгені аз ақша тұрмайды. Нашақор
есірткісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткенде, есірткі-
ге ақша табу үшін қылмысқа барудан тайынбайды. Көбіне
ұрлықпен айналысады. Ал есірткіні сатушылар өздеріне
жаңа құрбандар жинау мақсатында сан түрлі жолмен
жастарды тартады. Өздеріне тәуелді қылу арқылы оларды
қылмысқа итермелейді.
Ішкі Істер Министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек,
2007 жылы нашақорлық салдарынан 10502 қылмыс тіркел-
ген және 50169 есірткі сату фактісі анықталған көрінеді.
Соңғы жылдары есірткі қылмысының ұйымдасқан түрі
ЕСІРТКІ
142