елімізде есірткі саудасын түгел бақылауға алу арқылы
есірткі саудасының «барондарынан» бастап, ұсақ-түйек
«шабармандарына» дейін тырп еткізбей құрықтау. Әрине,
бұл мәселеде бір ғана мемлекеттің аяусыз күресі жеткілік-
сіз. Сондықтан өзге елдермен бірлесе отырып кешенді
және мобильді күрес жасауы қажет.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті.
БАҚ өкілдері нашақорлық ұлттың болашағына төнген
ең үлкен қатер екенін түйсініп, үлкен жауапкершілік-
пен қызмет атқаруы қажет. Нашақорлықтан халықты
(әсіресе жастарды) жирендіретін материалдарды көптеп
жариялауы қажет. Бір өкініштісі, қазіргі таңда телеарна-
ларда жастарды есірткіге тікелей немесе жанама түрде
еліктіретін, қызықтыратын шетелдің жетесіз блокбастер
фильмдерін көрсету белең алып барады. Бұл, әрине, есірт-
кі саудасымен айналысатын «барондардың» кәдесіне
асуда. Өйткені, қаншама жастар фильмдегі әпербақан,
криминал «қаһармандарға» еліктеп, өздері барып есірткі
алыпсатарларының құрығына ілігуде.
3. Жанұяның міндеті.
Ата-аналар, отбасы мүшелері
балалардың тәрбиесіне жіті мән беруі қажет. Жеме-жемге
келгенде, балаларды нашақорлықтан сақтайтын негіз-
гі құрылым – отбасы екенін ата-аналар түсінуі қажет.
Балаға ең алдымен әке-шеше үлгі-өнеге болуы тиіс. Ба-
лалар барлық проблемаларын алдымен ата-анасына айта
алатындай арада жақындық болуы керек.
4. Мектептің міндеті.
Нашақорлықтың тамыры
мектептен бастау алады. Есірткінің құрығына ең көп
мектеп оқушылары ілінеді. Өйткені, мектеп балалары ал-
бырт, аңғал болғандықтан тез алданады. Осы тұрғыдан
мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілері, мектеп психо-
логтары балаларды нашақорлықтан сақтау үшін көптеген
жұмыстар атқаруы қажет.
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ
145