мен халықаралық есірткі контрабандасы күшейуде. 2004
жылдан бері есірткі саудасына қатысты ұйымдасқан
қылмыстар саны 2,8 есе артқан. Тек өткен жылы ғана
есірткіні тасымалдайтын 196 ұйымдасқан топ жойылған.
2007 жылдың өзінде 23 тонна есірткі, оның ішінде, 857
килограмм апиын мен героин тәркіленген. Өткізілген
талдау соңғы жылдары есірткі диллерлерінің желісі
тұрақталғандығын көрсетті. Бес жылдың ішінде 52 мың
есірткі қылмысы ашылған. Біріккен Ұлттар Ұйымының
Есірткі заттарға бақылау орнату жөніндегі бағдарламасы
сарапшыларының пікірінше, нашақорлыққа байланысты
жасалатын қылмыстар, заңсыз әрекеттерге жол бере-
тін адамдардың жалпы саны жөнінде дұрыс мағлұмат
алу үшін ресми статистикалық деректерді кем деген-
де 10 есеге көбейту қажет. Кейбір мәліметтер бойынша,
біздің республикамыз нашақорлық жайлаған ең алғашқы
он ел арасына кіреді екен. Интерполдың мәліметтеріне
сүйенсек, біздің еліміздегі тұрақты нашақорлардың саны
100 мыңға жетіп жығылады.
Қазақстан есірткі құралдары туралы бірыңғай
конвенцияға, психотроптық заттар туралы 1974 жылғы
Ковенцияға және БҰҰ-ның 1988 жылғы психотроптық
және есірткі заттарды заңсыз айналымға түсіруге қарсы
күрес туралы Конвенцияға қосылды. Қазақстан есір-
ткі тасымалдайтын транзиттік аймақта тұрғандықтан
халықаралықесірткі бизнесініңбарондарынқызықтыруда.
Қазақстанда есірткі заттарын тарату – еліміздің
қауіпсіздігіне төнген қатер деп саналады. Ол саяси-ді-
ни экстремизмді тарату және қарулы қақтығыстың орын
алуымен бірдей есептеледі.
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ
143