ең қомақты көлемде ақша жұмсалады, дегенмен есірт-
кі нарығының орталығы да осы елдер саналады. Тіптен
Батыс елдерінің бірқатарында (Голландия, Дания) жеңіл
дәрежедегі есірткі өнімдерін арнайымекендерде қолдануға
рұқсат берілген.
Түгелдей Батыс мәдениетінің ықпалындағы елдер
(Латын Америка елдері, Жапония, Корея, Тайвань, Ре-
сей, Украина, Оңтүстік Африка Республикасы). Бұл елдер
есірткінің батыс елдері нарығынан кейін екінші үлкен
тұтынушы нарық болып отыр.
Батыс мәдениетіне еліктеу сатысындағы елдер
(Орталық Азия елдері, Кавказ елдері, Тайланд, Филли-
пин, Вьетнам, Камбоджа, Африка елдері); Бұл елдерде
есірткіге қарсы күрес батыс елдеріндегі секілді пәрменді
емес. Бұл елдерде жаппай батыс мәдениетіне еліктеу
белең алғандықтан, мамандар таяу болашақта есірткі
тұтынатын маңызды нарыққа айналатынын алға тартуда.
Батыс мәдениетінің әсері байқалатын елдер (Қытай,
Үндістан, Түркия, Индонезия, Сирия). Бұл елдерде батыс
мәдениетіне әсіре еліктейтін топтар бар. Әсіресе, жастар
арасында көбірек байқалады. Дегенмен жалпы халыққа
шаққанда мұндай топтар маргиналды дәрежеде аз деуге
болады. Сондықтан бұл елдер есірткі тұтынудың ірі
нарықтары қатарында саналмайды. Мұндағы ең басты
факторбұл елдердеөмірсүретінхалықтыңбасымбөлігінің
батыс мәдениетінен мейлінше аз әсерленгендігі.
Батыс мәдениетінің әсері өте аз елдер (Сауд Арабиясы,
Пәкістан, Иран, Ауғанстан т.б.). Бұл елдерде нашақорлық
қоғамдық сипат алмаған. Діни-мәдени менталитетінде
нашақорлық азғындыққа баланатындықтан, жалпы халық
есірткіден бойын аулақ ұстайды.
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
138