Нашақорлық және руханияттың
жұтауы
Ұ
лы даналар адамның азғындау себептерін
ертеректен-ақ білген секілді. Әсіресе, Абай
атамыздан адам мәселесіне қатысты айтылмаған сөз
қалмағандай: «Қарыны тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар
адам баласын». Есірткінің тұзағына түсетіндер де көбіне
өмірде алға қойған мақсаты жоқ, ештеңеге қызықпайтын,
еріккен адамдар арасында көптеп кездеседі.
Рухани саулық әлсіреген сайын, адам өзінің адами
қасиеттерінен алшақтай беретіні белгілі. Өйткені, мұндай
адамның бар ойлағаны – тән құмарын қанағат-тандыру.
Басқаша айтқанда, тәннің құлына айналады. Осындай сана-
сезімадамдыкөпреттеішімдікке,есірткіге, зинақорлыққа,
құмар ойындарына бастайды. Тән құмарын қанағат-
тандыруды ғана көксеп тұратын жанды ғылымға, спортқа,
мәдени іс-шараларға, имандылыққа қызықтыру тіптен
қиын. Бір өкініштісі, қазіргі заманғы тұтынушылыққа не-
гізделген тобырлық мәдениет өмірдің мәнін «жеке бастың
рақаты» ретінде түсіндіреді. Мұндай мәдени ортада адам-
дар тән құмарлығын көбірек қанағаттандыруды ғана
күйттеуге бейім келеді. Нашақорлық індетінің жыл өткен
сайын арта түсуі осы ойымызды айғақтай түседі. Иә, рух пен
тәннің тепе-теңдігін жоғалтып алу руханияттың жұтауына
ұрындырады. Ал руханияттың күйзелісі оң шешімін
таппайынша, нашақорлық секілді қатерлі қоғамдық кесел-
дерді түбегейлі шешу мүмкін емес. Нашақорлық – рухани
азғындаудың белгісі. Рухани жағынан бай, иманды адам
оған бармайды. Қоғамда имандылықтың әлсіреуі де түрлі
азғындықты асқындыра түсуде. Сондықтан түрлі қоғамдық
індеттер секілді нашақорлықты да имандылық пен рухани
мәдениетті күшейту арқылы түбірімен шешуге болатынын
ұмытпаған жөн.
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ
133