Previous Page  134 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 152 Next Page
Page Background

Ел боламын десең

есірткіден тыйыл

Ұ

рпақтың салауатты өміріне салқынын тигізіп келе

жатқан есірткі нәубеті қазіргі таңда Қазақстан

қоғамының алдындағы көкейкесті мәселелердің біріне

айналып отыр. Сондықтан да тажалды дерттің тамырына

балта шабу ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттарының

бірі ретінде айқындалды. Өйткені, есірткі індеті негізі-

нен жас жеткіншектер арасында жайлаған. Ал жастар

– ұлттың болашағы. Көп ретте статистикалық есеп-

тер мен көрсеткіштер айтылып жатады, алайда осы

көрсеткіштерді адами тұрғыдан қарай білсек, қаншама

жастың тағдыры қыршынынан қиылып жатқанын көріп,

қабырғаң қайысады. Сондықтан бұл дертке тұтас ел болып

жұмыла күресу қажет. Әрине, мәселенің тікелей басы-

қасында болғандықтан, ата-аналар мен педагогтердің

жауапкершілігі тым ауыр.

134