лып қалып жатқанымыз өзекті өртейді. Алматы
қалалық наркологиялық емдеу орталығы мамандары
нашақорлардың емделуден бас тартуының басты себебі
«арнайы тіркеуден өтіп, құқық қорғау органдарының
назарына ілінгісі келмеу» деп түсіндіреді. Сондықтан,
мамандар наркологиялық көмекке мұқтаж адамдарға
қатысты жазалау шараларын емес, оларға медициналық
жәрдемді күшейтуді көздейтін заң қабылдауды ұсынады.
Есірткінің қармағына ілінгендерді жазалау мін-
дет емес, алдымен, олардың кімдер екенін анықтау
қажет. Жасырын жүрген белгісіз біреуді жұдырық түйіп
қорқытқаннан гөрі, көз алдыңдағы ауруға көмектескен
жеңіл. Ендеше, нашақорлыққа қарсы күресте жаңа із-
деністер, жаңа механизмдер іздестіру өте өзекті мәселе
болып отыр.
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
136