Previous Page  132 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 152 Next Page
Page Background

ғана есірткіні қойып, жаңа өмір бастап кете алады. Сол

10 пайызға кірген адамдардың өзі бар күшімен тастаймын

деп талпынғанда ғана есірткіден құтыла алады. Мен де

қазір сол 10 пайыздың ішіне кіруге жанталасып жатыр-

мын.

Жалпы СПИД-пен ауыратын науқастардың 80-

пайызынан астамы нашақорлар екенін қазір білемін.

Алғаш пайдаланып жүрген кезде, бұл туралы ойланған

жоқпын. Ойлануға мұрша да болған жоқ. Негізі, есірткі

пайдаланатындардың басым бөлігі көбінесе ол туралы

бас қатыра бермейді. Бірақ сақтанып, тек өз инесін ғана

қолданатындар да бар. Ал мен кейін барып тексерілсем,

шүкір әйтеуір, жұқтырмаған екенмін.

Қазір бар арманым – есірткіні тастап, жаңа өмір бас-

тау. Ең бірінші жоспарым, сырттай оқуға түссем деймін.

Бүгінгі өмір талабына сай, психология мамандығын игер-

сем деп армандаймын. Ал енді өзімнің басты міндетім

ретінде, осындай емделу орындарында жұмыс істесем,

аяқтарын шалыс басқан жастарға көмектессем деймін.

Өйткені, анық білетінім, ондай адамдардың жанында

жүргенде, олардың есірткіден жан мен тән азабын көріп,

қиналғандарын көргенде, мен есірткі деген жаман нәрсеге

ешқашан да жоламаймын. Ал енді жасөспірімдерге,

бауырларыма, іні-қарындастарыма айтарым, олар оқу-

білімге, спортқа, ғылымға жақын болса екен. Есірткі деген

тажалдан аулақ жүрсін. Себебі, есірткіні пайдаланатын

адам тек өзіне ғана емес, ата-ана, туған-туыс, достарының

бәріне қайғы-қасірет әкеледі. Сондықтан да жастар өмірге

байыппен қараса деймін».

ЕСІРТКІ

Апатқа апарар үш індет

132