Дегенмен дозасы қате берілу салдарынан есірткі-
ден уланып өлетіндер тіптен көп. Есірткі заттардың
өндірісі көлеңкелі бизнес болғандықтан, есірткі
құрамына көп ретте адам ағзасына аса қауіпті улы
заттар қосылып кетеді. Мұны қадағалап жатқан еш-
кім болмағандықтан есірткіден уланып өліп кету
оқиғалары өте көп кездеседі. Ендеше «зияны жоқ» деп
көлгірсудің жөні жоқ.
3. «Дәмін татып көр, ұнамаса тастай саласың». Көптеген
жас балалар есірткінің құрығына осылай түсетіні
белгілі. Бұл да өтірік әңгіме. Әу баста есірткіге ерік-
ті түрде бір рет дәмін татып көрген жан үшін екінші
рет қолдану тіптен оңай болады. Сондықтан ең аб-
залы бір рет болсын дәмін көрмеу. Өйткені, бір рет
дәмін татқандардың ішінде «ұнамады» дегендер саны
тым аз екенін ұмытпаған жөн. Жастардың тағы бір
алданышы «тәуелді болған күннің өзінде медици-
на көмегімен емделуге болады» деген құрғақ қиял.
Өкінішке орай, медицина әрбір 100 адамнан 10 адамды
ғана есірткіден қол үздіруге мүмкіндігі жетеді. Қалған
тоқсан адам есірткінің құрдымында көз жұмады.
Неге десеңіз, есірткі ең әуелі адамның ерік-жігерін
ойрандайтын кесел. Есірткіні бір рет қолданғаннан
кейін белгілі уақыт өткеннен кейін қайта қалап тұру
синдромын «ремиссия» деп атайды. Ремиссия син-
дромына ұшырағандар бір рет қолданғаннан кейін
келесі қолдануды құмартумен болады. Есірткіні
қолданған сайын, ремиссия синдромының жиілігі
арта түседі. Әсіресе, жас өспірімдерде бұл синдром
тым жиі қайталанады. Ремиссия синдромы болғанда,
есірткідентыйылумерзімі ұзағансайын, адамдаесір-
ткі дағдарысы басталады. Мұндай кезде бір дозалық
есірткі табу үшін адам ұрлық, тонау, адам өлтіру
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
128