дәрігерге немесе наркологқа
неғұрлым
ерте
көрінсе,
өлім құштыратын тажалға
тәуелділіктен құтылу да
соғұрлым жеңілдеу болмақ.
Есірткіге тәуелді бо-
лып қалғандар арасында
жаңа өмір құрып, есірткіден
құтылғысы келетін жігерлі
жандар аз да болса кездеседі.
Алайда, мұндай жандардың
өзі есірткіден оңайлықпен
құтыла алмайды. Нарколог
мамандар
нашақорлармен
әңгімелесу арқылы олардың
тәуелді болып қалу жолдарының әр қилы екенін
анықтаған. Нашақорлардың кейбірі шетелдік кинолардың
әсерімен есірткі қолдануды бастаса, енді бірі күнделікті
тұрмыс-тіршіліктің ауыртпалығын сылтауратып, есір-
ткі қолданатындарды тауып, есірткіге үйір болған. Енді
біреулер отбасындағы ұрыс-жанжалдан ығыры шығып,
ішікілікке салынып, артынан есірткінің дәмін татқан.
Жалпы есірткіні көбіне түнгі ойын-сауық орталықтары,
сауна, стриптиз клубтары, би клубтары, дискотека, казино,
бар, түрме секілді мекендерде табу өте оңай екені белгілі.
Мамандар есірт-кіге тәуелді жандардың көпшілігі бір рет
дәмін татып көруді қызықтаймын деп, құрыққа іліккенін
алға тартады. Жалпы есірткіні бір рет қолданып, дәмін
татқан адам оны міндетті түрде тағы да қолданғысы ке-
леді. Осылайша тәуелді болып, қалай нашақор болғанын
өзі де байқамай қалады. Міне, қазіргі тәуелділердің дені
нашақорлыққа осылай бой алдырған.
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
126