Previous Page  122 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 152 Next Page
Page Background

Ұрлық, алдап-арбау, жезөкшелік сияқты жаман істер-

мен айналыса бастауы (есірткі сатып алу үшін);

Аракідік көз жанары жасаурап, мұрнынан су ағуы;

Қолдың дірілдеуі, көп терлеу, ұйқысыздық, мазасыз-

дық, кенеттен ашуланып, бірден тынышталу;

Оңаша қалу үшін жұрттан жырақтай беру, жанында

өзгелердің болғанын жаратпауы;

Мінез-құлқында құбылмалылықтың байқалуы, тез

ашуланып, мазасыздануы, бір сәтте көңіл-күйінің

көтеріліп шыға келуі;

Оқудағы үлгерімі күрт нашарлап кетуі, достарын жиі

ауыстыруы;

Ештеңеге қызықпау, бұрын қызығып айналысатын

хоббиларының барлығын тастап кетуі;

Тамаққа деген тәбеті төмендеп кетуі, көздері шүңіре-

йіп азып кетуі,

Жиі-жиі өтірік айтуы, үйден ұсақ-түйек нәрселердің

жоғала бастауы, үйде тұрмай белгісіз бір жерге жиі-

жиі кетіп қалуы;

Әжетханада ұзақ уақыт болуы, әжетханадан шыққан-

нан кейін көңіл-күйінің бірден көтіріліп шыға келуі;

Міне, осы аталған белгілердің барлығы балаңыздың

басында бір түйткілдің барын аңғартады. Мұндай жағдай

туа қалған күнде ата-аналар қара күш пен өзімбілемдікке

салғаннан гөрі ақыл-парасатпен баласының бетін

қайтаруға күш салғаны абзал. Қажет болса, психолог

мамандардың көмегіне жүгінген де артық болмайды.

ЕСІРТКІ

Апатқа апарар үш індет

122