Previous Page  121 / 152 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 152 Next Page
Page Background

деген балалық психология да нашақорлыққа ұрынуда

маңызды роль ойнайды.

Мектептердің алды есірткі сатушылардың тұрақты

мекен-жайлары арасында. Әсіресе, сабақ біткен уақытта

есірткі сатушылар мектеп алдында «ыңғайлы» балаларды

торуылдаумен болады. Тіптен наша қолданатын балаларға

нашаның ішіне героин араластырып беріп, алдап тұзаққа

түсіру оқиғалары да көптеп кездеседі. Ал балалар героин-

ге бір қолданғанда-ақ тәуелді болып қалады.

Балалардың есірткі қолданатынын

қалай білуге болады?

А

та-аналар, мұғалімдер жас жеткіншектердің

нашақорлық дертінен аман қалуы үшін қажетті

тәрбиелік, ақпараттандыру т.б. шараларымен қоса

балалардың жеке өмірін де жіті қадағалауы қажет.

Осы тұрғыдан есірткі немесе уытты зат қолданатын

балалардың бойынан мынадай белгілер байқауға болаты-

нын мамандар алға тартады:

Терісінде көгерген немесе қарайған ине іздерінің

болуы;

Көктамырларының үстінде немесе айналасында су

жиналғандай іріңнің жиналуы;

Солғын, ұйқылы-ояу жүру, аракідік талып қалу, үсті-

басын қаси беру синдромы;

Әрдайым бірдеңе бүлдіргендей салы суға кетіп жүруі;

Көз қарашықтарының үлкеюі;

Нашақорлардың жаргондарымен сөйлеуі;

Кісінің белгілі бір уақыт аралығында (4-5 сағат сайын)

оңаша жерге кетіп қалуы (есірткі қабылдау үшін);

Көп ақша жаратуы;

Апатқа апарар үш індет

ЕСІРТКІ

121