Нашақорлыққа итермелейтін
өтірік «аңыздар»
1. «Жұрттың бәрі қолданады, сен де дәмін татып көр!»
Бұл мүлдем бос сөз. Әрине, жылдан-жылға нашақор-
лар саны көбейіп бара жатқанымен, елдің бәрі
нашақор емес. Қазіргі уақытта әлемде адамдардың
20 пайызы ғана есірткі қолданып көрген жандар. Ал
қалған 80 пайыз – мүлдем есірткі қолданбаған сала-
уатты жандар. Жоғарыдағы 20 пайыздың да көпшілігі
– жас жеткіншектер. Әрине, жас балалар есірткінің
құрығына саналы түрде емес, алдаумен, арбаумен
түседі. Ендеше «жұрттың бәрі қолданады» деген
сөздің ешбір негізі жоқ.
2. «Дәмін татып көр, зияны жоқ». Бұл да нағыз өтірік.
Өйткені, барлық есірткі түрлері адам ағзасына аса
қауіпті екені медициналық тұрғыдан дәлелденген.
Ал есірткіге тәуелділік ауруы зиянның ең сорақысы.
Есірткіге тәуелді болып қалу бір-екі қолданғаннан-ақ
басталады. Есірткі адам организмінің индивидуалды
ерекшеліктеріне қарай белгілі дозамен қолданылады.
127