ақыл-ой, сана-сезім, ар-ождан, намыс-ұят секілді адами
қасиеттерден жұрдай болып, есірткінің шырғалаңынан
шығатын жол таппай ауыр азап шегеді. Сондықтан дана
халқымыз «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп бекер ай-
тпаса керек.
Нашақорлық – адамзаттың ең үлкен қасіреті.
Нашақорлықтансақтанудыңбір-ақжолыбар, ол–ешқашан
есірткі пайдаланбау. Ал оны қолданып, шеңгеліне іліккен
жандар үшін ең керектісі – үміт пен ерік-жігері арқылы
тәуелділіктен толығымен арылу. Адамның есірткі-
ден аулақ болуына көбіне алған тәрбиесі, өскен ортасы,
айналасындағы адамдар және ең бастысы, жүрегіндегі
иман үлкен ықпал жасайды. Есірткіге тәуелді болып
қалған жандардың бойынан аталған қасиеттердің бірде-
бірін көру мүмкін емес.
Нашақорлықтың кең етек алуында ұжымдық сана
маңызды роль ойнайды. Мәселен, топ ішінде біреуі
есірткі қолданған болса, уақыт өте келе топтың барлық
мүшелері есірткі қолданатыны тәжірибеден белгілі.
Әрине, балаларды есірткіге бастайтын факторлар мен
ересектерді есірткіге жетелейтін себептер арасында
айырмашылықтар бар. Ересек адамдар көп ретте рухани
дүниесініңжұтаңдығынан,әлеуметтікқиыншылықтардан,
отбасындағы ұрыс-керістерден, жұмыссыздықтан немесе
қызмет барысындағыжанжалданшаршап, басындағымың
сан проблемасын бір сәт болсын ұмыту үшін есірткінің
құрығына ілігеді. Әуелде оқта-текте қолданып жүріп,
уақыт өте келе нашақорлар сапына қалай өткенін өзі де
байқамай қалады. Басқаша айтқанда, есірткіге тәуелді
боп шыға келеді.
Әрине, ересектер үшін де, жас өспірімдер үшін де
есірткіге мүлдем жоламау ең абзалы. Дегенмен жаза
басып есірткіге «жақын» болып қалған жан психиатр
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ
125