

орталығының
директо-
ры
Александр
Катков
тәуелсіз жүргізілген зерт-
теулер
қорытындысы
ресми көрсеткіштен ша-
мамен 5 есеге көп екенін
алға
тартады.
Яғни,
қазіргі таңда Қазақстанда
героинға тәуелді кемін-
де 100 мың инъекциялық
есірткі тұтынушысы бар. Бұған өзге есірткі түрлерін пай-
даланатын 120-130 мың тұтынушыны қосыңыз. Барлығын
қосқанда 230-250 мың адамға жететінін алға тартады.
Бұл дерттің ушығуына геосаяси және жағрапиялық
факторлар кешені ықпал етуде. Біріншіден, Ресей мен
Еуропаға тасымалданатын ауғандық және пәкістандық
есірткі біздің мемлекет арқылы өтетінін білеміз. Сол
есірткі заттарының 30 пайызы елімізде қалып қояды.
Екіншіден, Шу алқабын жайлап жатқан анаша алқаптары
да қауіпті дертті дендете түсуде. Ұлттық қауіпсіздік
комитеті таратқан мәліметтерге сүйенсек, 1996 жыл-
мен салыстырғанда қазіргі уақытта «қара базарда»
героин бағасы мүлде төмендеп кеткен. Сарапшылардың
мәлімдеуіне қарағанда, елімізде бүгіндері есірткіге
тәуелділердің саны күрт өсуі салдарынан «героинома-
ниямен» ауыратындар көбейіп отыр. Ал СПИД ауруына
шалдыққандардың 83 пайызы нашақорлар.
Есірткі заттарын заңсыз тасымалдау мен қолдану
ауқымы кеңейген сайын, тұтынушылар саны да артады
емес пе?! Бүгінгі таңда осы қатерлі дерт ұлт денсаулығы
мен ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіріп тұр.
Апатқа апарар үш індет
ЕСІРТКІ
113