денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, бұл мүлдем
қате. Марихуана өзге де есірткі заттар секілді денсаулықты
нашарлатады, ол тіпті түбі ажал құштыруы да мүмкін.
Әйтсе де, ең негізгі қатері – өзге де есірткі заттар секілді
есірткіге тәуелді етуі.
Героин
– апиындар
тобына жататын есірт-
кі. Оны көбіне шегеді,
иіскейді немесе инъек-
ция арқылы егеді. Героин
өнімі дайындалғанға дейін
алдымен опий, кейін-
нен морфин жасалып, ең
соңында героин жасалады. Героин өзінің әсері жағынан
морфиннен әлдеқайда асып түседі. Қыздырылғаннан кейін
барып тамырға егіледі, шегіледі немесе ингаляция арқылы
тыныс жолымен алынады. Героинді сумен жұту арқылы
қабылдау сирек кездеседі, себебі жұтқан кезде ешқандай
әсері болмайды. Қан тамырына инъекция түрінде ексе,
бірден әсер етеді. Героин – тез тәуелді қылып тастайтын
есірткі түріне жатады. Тәуелділік басталғанда 6-24 сағат
аралығында қайта қалау (абстиненттік синдром) бастала-
ды. Героинді артық дозамен қабылдағанда, адам ес-түстен
айырылады. Тіптен тыныс алуы қиындап, кенеттен өліп
кетуі де мүмкін. Героинді өзге уытты қоспалармен ара-
ластыру тіптен қауіпті. Міндетті түрде өлімге соқтырады.
Мәселен, статистикалық деректер бойынша, 2008 жылы 8
айдың ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асыра
қолданудан 19-30 жас аралығындағы 48 адам көз жұмған.
Героин қолданатындар да өзге есірткі қолданатындар
секілді ағзаны тұтас улап, өз-өзіне өлімге жол ашады.
Кокаин
– коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ
ұнтақ тәріздес, дәмі ащы есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап
ЕСІРТКІ
Апатқа апарар үш індет
108