Previous Page  382 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 382 / 400 Next Page
Page Background

382

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

секілді сүнниттік бағыттың негізін қалауға септігін

тигізді. Араға қаншама ғасырлар салып келсек те, Әбу

Ханифаның кемеңгерлік көзқарастары құлшылық,

қоғамдық-әлеуметтік салада әлі күнге дейін маңызын

жоғалтпағаны, мәзһаб маңайындағы мұсылмандар

қарасының күннен-күнге артуы осының айғағы болса

керек. Оның құрған ғылыми әдіснамасының қазіргі

заманға дейін келіп жетуі ұстанымының дұрыстығына

бірден-бір дәлел болып табылады.

Халық көңілі хош көрген ханафи мәзһабының

ең әуелгі ерекшелігі ақылдасу мен ортақ кеңесуге

негізделуінде. Діни үкімдер «фиқһ академиясы» деп

аталған қырық ғалымнан құралған арнайы топтың

талқысына ұсынылатын. Бұл алқаға басқа шәкірттер

мен халықтың қатысуына рұқсат берілмейтін. Пікірлер

әбден талқыланып, пісірілгеннен кейін барып қана

үкім шығарылып жазбаша бекітілген. Осылайша оның

айтқан пәтуалары жеке адамдардың пәтуаларына

қарағанда, өмір шындығына бір табан жақын болды.

Ханафи мәзһабының араб емес ұлттардың ара-

сында кең таралуының негізгі себептерінің бірі – әр

аймақтағы халықтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай

отырып, мұсылмандықты ұстануға ерік беруінде. Со-

нымен қатар діни мәтіндерді сөзбе-сөз, тек тікелей

түсінуден бұрын оның астарындағы арнасының көзін

ашып, зерттей отырып, ақылмен шешуге тырысуы,

дініміздегі жеңілдікті ту етіп ұстануы – басқа дін

өкілдерінің, соның ішінде ата-бабаларымыздың да

сонау ықылым заманда осы мәзһабты қабылдауына

жол ашты десек қателеспеген болармыз.

Иракта пайда болған ханафилік – Аббасидтер,

Сәлжұқтар, Хорезмшахтар мен Османлы секілді Ислам