Previous Page  380 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 380 / 400 Next Page
Page Background

380

Қорытынды

Құран мен сүннетті жетік меңгерген дін ілімінің

жарық жұлдызы Имам Ағзам Әбу Ханифа – фиқһ

ілімінің негізін ғана қалап қоймай, фиқһ мәселелерін

алғаш рет тарау мен бапқа бөліп жүйеге келтірген.

Ислам дүниесіне сүбелі үлес қосқан имам, көрген

жанның мейірі қанатындай білікті де білімді, шариғатқа

келгенде алмастың жүзіндей өткір, парасат-пайымы

биік тұлға.

Имам Ағзам Әбу Ханифа Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

жарық дүниемен қош айтысқаннан небәрі 66

жыл өткен соң дүниеге келді. Бұл кезеңде пайғамбарлық

естеліктердің ыстық табы көзі қарақты, діні мен діліне

берік мұсылмандардың жадында мұрты бұзылмаған

күйі сақталып тұрған болатын. Ислами ілімнің негізін

қалаған берекелі буын табиғин кезеңінде өзгелерден

оқ бойы озып шыққан Имам Ағзам парасат майда-

нында шашасына шаң жұқтырмай, дүйім елді аузына

қаратып, әлем мұсылмандарының жартысын құрайтын

сара жолдың соқпағын сол кезде-ақ салып кетті. Ол –

өзі жетілдіре түскен дәйекті дәлел келтіру әдіснамасы

арқылы Ислам әлемінің ауқымды бөлігіне ықпал

жасаған ақылы мен тақуалығы жарасқан заманның

заңғар ғұламасы.

Сәулеті мен дәулеті келіскен ауқатты отбасында

дүниеге келген Әбу Ханифа бала кезінен зеректігімен

танылып, Куфаның белді-белді ғалым-ғұламаларының

алдынан хадис, фиқһ ілімімен сусындап өседі. Ес

біліп, етек-жеңін жинай бастаған шағында Ислам-