378
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
болатын. Мәуараннахр
676
, Хорасан, Үндістан, Батыс
Түркістан және Ислам мемлекетінің қол астына өткен
араб емес өзге ұлттардың ханафи мәзһабынының
өздерінің әдет-ғұрыптары мен қоғамдық өмірлеріне
сай келгендіктен қабылдағандықтары да әбден
мүмкін
677
. Ханафи мәзһабының шариғатқа қайшы
келмеген жағдайда, жергілікті әдет-ғұрыпты дәлел
ретінде санауының бұған тигізген ықпалы мол. Өз
кезегінде ханафи мәзһабы өмір-салты, мәдени-саяси
жағдайы хижаз аймағынан мүлде бөлек аймақта туып,
кең етек жайған-ды. Шариғаттың кең өлшемдерін бір
ғана аймақтың ерекшелігімен шектемей, хадистердің
сыртқы мағынасына ғана қарамай, мәселелерді кең
түрде талқылап, негізгі мақсатты басты назарға
алуының өзге ұлт өкілдерінің де Исламды қабылдауын
жеңілдеткені анық.
Орталығы Куфада болған Ирак фиқһының та-
ралуында Әбу Ханифаның тұлғалық қасиетінің де
рөлі ерекше. Сондықтан, бұл мәзһаб ханафи мәзһабы
деп аталды. Терең ілімі, зеректігімен ерекшеленген
және діннің шынайы рухын жақсы меңгерген Әбу
Ханифаның мәзһабы арабтардың тысындағы түркі
және парсы халықтарының арасында кең жайылды..
Ақылға негіздеп қисынмен ойлау әрі Исламның
негізіне сай жеңілдік дәстүрін ұстануы бұл мәзһабтың
кең тарауына жол ашқан себептердің бірі.
676
Ханафи фиқһының Мәуараннахрда қалай таралғанына
қатысты А.Муминовтың «Роль и место ханафитских улама в
жизни городов Центрального Мавараннахра (V-VII/VIII-XIII
вв.)», Автореферат диссертации на соискание ученой степени
доктора исторических наук, Ташкент-2003
677
А. Бардакоглы, Ислам ансиклопедиси, 16-т., 7-б.