Previous Page  377 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 377 / 400 Next Page
Page Background

377

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

келгенімен, халық арасында кең жайылғандықтан,

мақсаттарына жете алмады

675

.

Ханафи мәзһабыны кең таралуында Сәлжұқтар мен

Осман мемлекетінің рөлі ерекше. Сәлжұқ билеушісі

Тұғрыл бей Нишапур, Исфахан, Хамадан секілді

ханафилік аз таралған жерлерге ханафилерден қазылар

мен имамдар тағайындауының нәтижесінде ханафилік

күшейді.

Османлы мемлекеті кезеңінде 16-ғасырдан кейін

құқықтық мәселелердің ханафи мәзһабы бойынша

жүргізілетіндігі ресми түрде жарияланған. Анадолы

мен Румелиде ықпалы артса, Мекке, Мәдина, Халеп,

Қудыс, Каир секілді елді-мекендерде халықтың

көпшілігінің басқа мәзһабты ұстануына байланысты бас

қазының көмекшілері өзге мәзһабтан тағайындалып,

мәселелерді өз мәзһабтарына қарай шешуіне жағдай

жасалған.

Негізінде, мемлекеттердің ресми мәзһаб

ұстанымдары құқықтық бірлік пен тәртіпті қамтамасыз

етуге бағытталған шара еді әрі өзіндік пайдасын

да тигізді. Бұл өз кезегінде мәзһабтардың бір елде

тарауының сырт көзбен қарағандағы негізгі себептері

секілді көрінгенімен, сол аймақтардың ерекшеліктеріне

сай келгенін де есепке алған жөн. Мәселен, қоғамда

қалыптасқан әдет-ғұрыптардың белгілі бір мәзһабты

қабылдауда жағымды немесе жағымсыз рөл

ойнағандығы белгілі. Мұсылман арабтардың қол

астына өткен парсылар өздерінің қарсылықтарын ақида

және фиқһ алаңында имамия, жағфария, зәйдия түрінде

білдірсе, Солтүстік Африкалықтар Хижаз фиқһын

өз орталарына сай келгендіктен жылдам қабылдаған

675

Әбу Захра,

Әбу Ханифа

, 406-б.