Previous Page  381 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 381 / 400 Next Page
Page Background

381

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

ды бұра тартып, бүйректен сирақ шығарған, адасқан

ағымдарға қарсы күресіп, Ислам құндылықтарын има-

нындай күтіп, өмірінің ақырына дейін Ислам әлемін

гүлдендіруге ат салысты.

Ислами ғылымдардың арасында өзінше бір төбе

саналатын фиқһ ілімінің қалыптасуы, бір жүйеге

келтірілуі мен кеңінен тарап, тереңге тамыр жаюы

осы біртуар ілім иесі имам Әбу Ханифаның атымен

тікелей байланысты. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді

дана халқымыз. Ұлық имам Әбу Ханифа да бұл

жағынан кенде емес. Әділетті Ислам әлемінің әуезін

әспеттейтін, діннің діңгегін құлатпауға бар күшін

салып, еңбектерімен танылған шарапатты шәкірт

тәрбиелеу жұмысында да заманында онымен ешкім

иық тіресе алмаған.

Іліммен қатар сауда ісін де жүргізуі мұсылман

қоғамының тұрмыстық өміріндегі нақты мәселелерін

жақыннан танып-біліп, сол мәселелердің жауабын

табуға тырысқандықтан, оның парықты пәтуалары

көпшіліктің көкейінде сайрап тұрды. Сол кезде орын

алғанмәселелермен қатар болашақта орын алуымүмкін-

ау деген мәселелерге жауап іздеп қалдырған тұшымды

пікірлері мен пәтуалары қазіргі заманның тамырын дәл

басып тұр десек, артық айтпағандығымыз болар. Со-

нымен қатар оның әр түрлі дін мен мәдениет өкілдері

қатар өмір сүрген Ирак секілді космополит аймақта

өсіп-жетілуі ғылыми танымының қалыптасуында

елеулі рөл ойнады. Хижаз аймағынан мүлде бөлек

қоғамның күрделі мәселелері оны жаңаша ой өрбітіп,

жаңаша салмақты пәтуалар шығаруына итермеледі.

Ғибадатпен қатар ақидаға, яғни сенімге қатысты

ой-толғамдары әшғарилік, тахауия және матуридилік