376
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
ынша амал етудің жоғарыда аталған кезеңнен (1266 ж.)
бұрын басталғанын көрсетеді
673
.
Фиқһ мәзһабтарының дамуы мен таралуы
қарсаңында ханафи мәзһабы ең аз таралған аймақ
Солтүстік Африка мен Андалусия болды.
Мысыр Османлы мемлекетінің билігіне өткеннен
кейін, қазылық ханафи мәзһабы бойынша жүргізілді.
Ғылым үйренушілердің арасында ханафи фиқһын оқып-
үйренуге деген қызығушылық артты. Нәтижесінде,
ханафиліктің беделі күшейіп, Аббасидтер кезеңіндегі
секілді ресми мәзһабқа айналды.
Мехмет Али паша (1849 қ.) Мысырды өзіне
қаратқан кезде жалғыз ханафи мәзһабын ресми етіп
жариялаған. Бұл 20-ғасырдың басына дейін жалғасты.
Ханафи мәзһабы Мысырдан әрі қарай батысқа
(Мағрибке) тарала қоймады. Тек қана Әсад ибн әл-
Фурат (қ. 213 һ)
674
кезеңінде мағриб еліне өткенімен,
ұзаққа созылмаған. Өйткені, ол жерде мәлики мәзһабын
ұстанған Ағлабилер әулетінің беделі күшті еді. Міне,
сондықтан Мағриб пен Андалуссида жалғыз мәлики
мәзһабы кең тараған.
Сирия мен оның аймағында да ханафи мәзһабының
таралғанын көреміз. Сирия мен Мысырдағы кейбір
басшылар ханафи мәзһабының беделін азайтқысы
673
А. Бардакоглы, Ислам ансиклопедиси, 16-т., 6-б.
674
Ол хижра жыл санауы бойынша 142 жылы Қайрауанда дүниеге
келген. Әуелі имам Мәліктен ілім алып, кейін Бағдатқа келіп
Әбу Ханифаның шәкірттерінен дәріс алған. 181 жылы еліне
қайта оралған Әсад ибн әл-Фурат білгір фақиһ ретінде көзге
түседі. Ол Қайрауанға қазы ретінде тағайындалып, ханафи
мәзһабын Тунис пен Алжирде жаюға тырысқан. 213 жылы
Сицилияға қарсы жасақталған әскерді басқарып, жолда оба
ауруына шалдығып қайтыс болған.