373
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
фиқһы аясындағы құқықтық дәстүрдің қалыптасуына,
халықтың сүйіспеншілігіне бөленуіне үлес қосты.
Ханафи ғалымдарының белсенді түрде қызмет етуінің
арқасында мемлекеттің қолдауы азайған кезде де ханафи
мәзһабының ықпалы жалғаса берді. Ал ғалымдар әлсіз
болған аймақтарда мәзһаб кең тарай алмады
668
.
ӘбуЮсуфтың кезінен бастау алған қадиул-қудаттық
практикасы Аббасидтер халифалығы кезеңінде
ханафилардың пайдасына қарай шешілгенімен, тарих-
та орын алған түрлі оқиғалар көрсеткендей, қадиул-
қудаттың қазы тағайындау ісі әрдайым сол мәзһабтың
өкілдерін тағайындамағанын, әр түрлі аймақтың
ерекшелігіне қарай басқа да мәзһабтың имамдарының
тағайындалғанын көреміз.
Жалпылай алғанда, ханафи мәзһабы Ирак пен
оның шығысындағы аймақтарда, Мәлікилік Хижаз-
да, шафиғилік Мысырда, ханбәли мәзһабы бертін
келе Бағдат пен Хижазда таралған. Әр түрлі тарихи
кезеңдерде Андалуссиядан бастап, Үндістанға
дейінгі аймақтарда әрбір мәзһаб кейде жақсы дамыса,
кейде бәсеңсіп отырған. Осыған орай, қалалар мен
аймақтарға әр түрлі мәзһабты ұстанушы қазылар
тағайындалған. Мысалы, Мәдинаға алғашында шафиғи
қазылар жіберілсе, кейіндері Мәліки мен Ханафи
қазылары тағайындалған. Тарихшы Мақдисидің
мәліметі бойынша һижра жыл санауы бойынша III
(милади ІХ) және IV (милади Х) ғасырда Нишапур,
Шаш, Тус, Нәсә, Бұхара, Исфәрәйн секілді кейбір
қалаларда шафиғилардың көбеюі салдарынан, ол
жерлерге шафиғи қазылардың тағайындалғандығы,
668
Әбу Захра,
Әбу Ханифа,
402-408-б.