370
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
әрі төрт мыңға жуық шәкірт тәрбиелегендігі тарихи
кітаптарда келтірілген. Имам Ағзамның және оның ең
хас шәкірттері Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед, Зуфар,
Хасан ибн Зияд секілді мүжтәхид шәкірттерінің
жетілдірген түлектерінің Хорезм, Батыс Түркістан,
Хорасан мен Мәуараннахр секілді жаңадан мұсылман
болған аймақтарда белсенді қызмет атқарулары ханафи
фиқһының ел арасында тарауына өзіндік ықпалын
жасады. Мәселенки, Бәззәзи өз шығармасында Әбу
Ханифаның 800-ге жуық шәкіртінің аты-жөндерімен
қатар қай жерден келгендіктерін де келтірген
664
.
Оның шәкірттерінің көпшілігі Ирактың Куфа,
Басра, Бағдат секілді орталықтарынан, қалған
көпшілігінің Ахуаз, Исфахан, Хамадан, Мәру,
Бұқара, Самарқанд, Балх, Хорезм секілді Ирактың
шығысындағы қалалардан екендігі байқалады. Соны-
мен қатар, аз да болса Мысыр, Сирия, Мекке, Мәдина,
Йемен, Бахрейн, Мусул секілді қаладан келгендері де
бар еді. Осы шәкірттері өз елдерінде дәріс алқасын
құрып, шәкірт тәрбиелеген немесе қазы қызметіне
тағайындалу арқылы ханафи фиқһын сол аймақтарға
жайған. Мысалы, Абдулазиз ибн Халид – Термезде,
Мұхаммед ибн Халид әл-Ханзалидың – Әстарабадта,
Хұсайн ибн Хафс әл-Хамаданидың – Исфаханда,
Исмаил ибн Әлиаса әл-Киндидің – Мысырда, Абдуллаһ
ибн Фәррухтың – Мысыр мен Солтүстік Африка-
да ұстаздарының көзқарасы мен Ирак фиқһын на-
сихаттап, кең таратқандықтары тарихи кітаптарда
келтірілген
665
.
664
Бәззәзи,
Манақиб
, 491-518-б.
665
Мекки,
Манақиб
, 1-т. 63-б.; А. Өзел,
Ханефи фықых алимлери,
Түркия Диянет Вакфы баспасы, Анкара, 2006; Бардакоглы, 3-б.