374
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
кей жағдайларда ханафи әрі шафиғи екі қазының бір
уақытта қызмет атқарғандықтары да айтылады
669
.
Аббасидтер әулеті кезеңінде Мысыр елінде хана-
филер болғанымен, ол жерде шафиғи және Мәлики
мәзһабының ықпалы күшті еді. Өйткені, имам
Шафиғидің өзі Мысыр елінде болатын. Сонымен қатар,
имам Мәліктің Ибн Уәһб және Ибн Хакам секілді
шәкірттері де Мысырда болғандықтан, осы екі мәзһаб
кең тарады.
Фатимидтер әулеті Мысырды басып алғаннан кейін
ресми мәзһаб ретінде шииттердің исмаилия мәзһабын
жариялады. Бірақ, бұл шара төрт мәзһабты жоя алмады.
Халық ғибадаттарын өз мәзһабтарына қарай орын-
дауын жалғастыра берді. Осы Фатимидтер кезеңінде
ханафи мәзһабы қатты қысым көрді. Өйткені, Фати-
мидтер Аббаситтерге қас болатын. Ал ханафи мәзһабы
Аббасидтердің ресми мәзһабы еді.
Мысырда Әйюбидтер мемлекеті құрылғаннан кейін
Сирия мен Мысырда шафиғилер мен ханбәлилердің
ықпалы қайтадан күшейді. Осы екі мәзһабтың
ғалымдарына арнайы медреселер салынды. Өйткені,
Салахаддин Әйюби өзі шафиғи мәзһабын ұстанатын.
Бірақ, Сирияда Нуреддин Шәһид Зәнги (XII ғасыр)
билік басына келгенде бұл жағдай өзгерді. Өйткені, ол
ханафилікті ұстанатын. Осылайша, ханафи мәзһабы
Сирияда кең тарап, артынан Мысыр еліне де бірте-
бірте жайыла бастады. Осы кезден бастап ханафи
мәзһабы Аббасидтер кезеңіндегі секілді тек қана
үкіметтік ресми мақамдарда қалмай, халық арасында
кең тарады
670
.
669
Мақдиси,
Ахсанут-тақасим,
311-б., 323-б.
670
Қурәши,
әл-Жәуәхирул-мудиия,
3-т., 439-440-б.; А. Тәймур Паша,
Назар тарихия фи худусил-мәзәхибил арбаа,
Каир, 1351, 15-б.,