369
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
туындаған күрделі мәселелерге жауап беруге қауқары
жетпеді. Міне, осындай кезеңде Әбу Ханифа мен
шәкірттерінің аят-хадиске сүйенген дәстүрлі діни
түсінікті көңілге қонымды етіп түсіндіру арқылы, насс
(аят-хадис) пен ақылдың арасында тепе-теңдік орната
отырып, дамытқан фиқһ әдіснамасы нәтижесінде
жүйесіз ойлауға негізделген түсінік тізгінделді. Осын-
дай ерекшелігінің арқасында, сол әрі одан кейінгі
кезеңдердегі ғалымдар мен мүжтәхидтер арасында
беделге ие болып, көпшілік ғалымдар фиқһтың осы
бағытта дамығанын құп көрді. Әбу Ханифаның ақида
саласында сәләф деп аталған ең алғашқы ғалымдардың
түсінігіне ие болуы да ғалымдар арасында сенімділікке
бөленуіне оң ықпал жасады.
Әуелгі кездері әр аймаққа жіберілген мүжтәхид
деңгейіндегі қазылар (сот, жоғарғы сот) сол аймақтың
діни мәселелерін шешіп отырса, шекараның ұлғаюына
байланысты әр аймаққа мұндай мүжтәхид-имам
жіберу мүмкін болмай қалды. Ал қоғамдағы бірлік
пен тұтастықты сақтау үшін ел билеушілеріне бір
амал қарастыру қажеттілігі туындады. Аббаси
билеушілерінен Харун әр-Рашидтің кезеңінен бастап,
мемлекет осы бағытта тиісті шаралар қарастыра ба-
стады. Осындай ортада Әбу Ханифа мен шәкірттері
дамытқан ирак фиқһына жеке адам мен мемлекет
деңгейінде осы мақсатты жүзеге асыру жолында
маңызды бір мүмкіндік туды.
Ханафи Фиқһының кең жайылуының ең басты
себептерінің бірі – шәкірттерінің қажырлы еңбектері
мен атқарған қызметтері. Әу баста айтып кеткендей,
Әбу Ханифа өзінің ерекше дәріс беру жүйесі арқылы
көзі тірісінің өзінде қырыққа жуық мүжтәхид ғалым