Previous Page  364 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 364 / 400 Next Page
Page Background

364

Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы

қайтарылған жауаптардан құралған. Мазмұны жағынан

Имам Ағзамның басқа шығармаларымен үйлескенімен,

ауызша жету арқылы жазылған әл-Фиқһул-әкбар

секілді шығрмалардан ерекшеленеді. әл-Фиқһул-әкбар

қарапайым тілмен, ал бұл шығарма әдеби, көркем тілде

жазылған.

әл-Фиқһул-әбсаттың сенімділігіне қатысты

таңылған сындар оны жеткізген Әбу Мұтғидің

жеке басына қатысты. Өйткені, асхабул-хадис оны

райшылық, мүржия және жәхмиялықпен кіналаған.

Бірақ, Абдуллаһ ибн Мүбарак сынды белді ғалымдар

оны сенімді деп тауып, өз лебіздерін білдірген.

Мекки де өзінің манақибында оны ғибадат, тақуалық,

фиқһ және асыл қасиеттер тұрғысынан әйгілі имам

екендігін айтқан. Мұндағы көзқарастардың Әбу

Ханифаға тән екендігі байқалады. Сонымен қатар,

мазмұны Әбу Ханифаның өзге де шығармаларындағы

әрі Имам Ағзам мен шәкірттерінің көзқарастарын

негізге алып жалғастырған Тахауи мен Матуридидің

шығармаларындағы мазмұнмен толық үйлеседі

657

.

3. әл-Алим уәл-мутааллим. Бұл шығарма Әбу

Ханифаның шәкірті Хафс ибн Сәләм әс-Самарқандидің

сауалдарына қайтарылған жауаптардан тұрады. Атал-

мыш шығарманың Әбу Ханифаға тән екендігіне

күмәнмен қараудың бір себебі – жеткізушілердің

арасындағы тізбектегі ең соңғы адам Әбу Мұқатилге

қатысты. Кейбір ғалымдар оны сенімсіз десе, ханафи

ғалымдары оны толықтай сенімді деп тапқан. Ал

екінші күмән кітаптың мазмұнына қатысты айтылған.

Кәләм ілімін мақтауы, ақидаға қатысты мәселелерде

қиясты қолдануы және иржа түсінігін ұстануы

657

Бұл да сонда, 84-87-б.