362
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
мақсатында мұғжиза сөзі аяттың орнына кәләм терми-
нологиясына кіргенін айтады. Керемет сөзіне келсек,
мұғтазилиттер бұл түсінікті мойындамаған. Олардың
арасында осындай түсініктегі адамдар кездескендіктен,
Әбу Ханифа «әл-Фиқһул-әкбарда» осы мәселелерді
қозғаған болуы мүмкін.
Рамазан Алтынташ та Әбу Захраның алға тартқан
бұл пікірінің қанағаттанарлық емес екенін айтады.
Оның ойынша бұл көзқарастар кейін сопылықтың
шығуы нәтижесінде қосылмаған. Әбу Ханифа
кезеңінде сопылық арнайы ілім ретінде қалыптаса
қоймағанымен, Басрада рухани кемелдікке ерекше мән
беріп, тақуалықты ту еткен Хасан Басри (қ.һ. 728 ж.),
Куфада өмір сүрген Әбу Хашим әс-Суфи (қ.һ. 767ж.),
сол ғасырда өмір сүрген Уәйс әл-Қарни (қ.һ. 657 ж.) мен
Жағфар әс-Садықтың (қ.һ. 765 ж.) сопылықтың белгілі
тақырыптарын қозғап, оның негізін қалағандықтарын
тілге тиек етеді. Сонымен қатар, һижри жыл санауы
бойынша 2-ғасырда осы тақырыптарға қатысты
пікірталастар орын алған. Осындай пікірталасты
жүргізгендердің бірі – Жәхм ибн Сафуан. Ал Әбу
Ханифа онымен замандас әрі онымен кәләмға қатысты
пікірталастар жүргізгені тарихтан мәлім
654
.
Хазірет Алиді Османнан артық санауға келсек,
Әбу Захраның айтқанындай емес, керісінше тарихи
кітаптарда бұл тақырыпқа қатысты бірауыздан келісім
болмағаны секілді, барлық кітаптарда бұл мәселе
көтерілмеген. Осы тақырыпқа қатысты пікір айтқан
ғалымдардың да көзқарастары кесімді, нақты емес.
Яғни, Алиді (р.а.) артық санағаны жайлы нақты дәлел
жоқ. Сондықтан, әл-Фиқһул-әкбарда Османды (р.а.)
654
Р. Алтынташ,
Ебу Ханифенин келам методы ве «Фиқһул-екбер»
адлы есерине иөнелтилен базы итиразлар,
197-198-б.