363
Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары
Алиден (р.а.) ең алдымен атауы басқа кітаптардағы
мәліметтерге қайшы емес
655
. Өйткені, Кердеридің
пікірінше Әбу Ханифаның Османды алдымен атағаны
жайында риуаят басқа хабарларға қарағанда сахих
(сенімді әрі дұрыс) болып табылады. Мазмұндық
тұрғыдан алғанда, бұл мәселелердің ешқайсысы әл-
Фиқһул-әкбардың сенімділігіне зиянын тигізе алмай-
ды
656
.
2. әл-Фиқһул-әбсат. Бұл шығарма Әбу Ханифаның
шәкірті Әбу Мұтғи әл-Хәкам әл-Бәлхи арқылы келіп
жеткен. Алғашқы кезең ғалымдарынан бастап Беязи-
задеге дейін көпшілік бұл шығарманы Мұтғи риуаят
еткен әл-Фиқһул-әкбар деп білген. Алайда, Хаммад
ибн Әбу Ханифа арқылы риуаят етілген әл-Фиқһул-
әкбар кітабынан ажырату үшін Мұтғидің риуаяты
әл-Фиқһул-әбсат деп аталған. Көптеген дереккөз
кітаптарда бұл кітап Әбу Ханифаға тиесілі деп
көрсетіліп, одан үзінділер келтірілген. Бұл шығарма
Әбу Мұтғидің Әбу Ханифаға қойылған сауалдарына
655
Мәудуди Әбу Ханифа мен Әбу Юсуф жайлы жазған бір
мақаласында «Фиқһул-әкбардың» кейбір бөлімдеріне қатысты
күмәндар бар екенін айтумен қатар төрт халифаның жағдайы,
сахабалардың орны мен иман анықтамасы бөлімдерінің
сенімділігінде ешқандай күмән жоқ екенін, өйткені, тура
сол көзқарастарды «әл-Уасия» мен «Фиқһул-әбсат» секілді
шығармалары мен Әбу Юсуф пен Мұхаммед секілді
шәкірттерінің көзқарастарын жинаған Тахауидің «Ақида» атты
кібабынан кездестіруге болатынын айтқан. Қараңыз: И. Челе-
би,
Ебу Ханифенин келамжылығы, итикада даир рисалелери ве
бунларын отантик олуп олмадыклары меселеси,
Имамы Ағзам
Ебу Ханифе ве дүшүнже системи, 16-19 Еким, 2003, семпозиум
материалдары, Куран араштырмалары уакфы, Бурса, 2005, 2-т.,
191-б.
656
Метин Игит,
Илк дөнем ханефи кайнакларына гөре Ебу
Ханифенин усул анлайышында сүннет,
76-83-б.