Previous Page  361 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 361 / 400 Next Page
Page Background

361

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Енді осы тақырыпқа қатысты мәселелерді айқындау

мақсатында ең ескі қайнар көздерге сүйене отырып,

арнайы зерттеу жүргізіп, докторлық диссертациясын

қорғаған Метин Игиттің еңбегін негізге ала отырып,

жауап беруге тырысайық. Ол Имам Ағзамның осы

еңбегіне қатысты айтылған сындарды шығарманың

келіп жеткен тізбегі, мазмұны жәңе әдістемесі

тұрғысынан саралай келіп, былайша ой түйеді.

Жоғарыда айтылған мәселелер бұл шығарманың

Әбу Ханифаға тән екендігіне ешқандай кері әсерін

тигізбейді. Өйткен, жәухар (субстанция) мен жисм

(тән) ұғымдары Әбу Ханифадан бұрынғы кезеңдерде

кездескен. Тәңірдің «жәухар» екендігіне қатысты

мәселе христиандықта, «жисмге» қатыстылығы

пікірі иудейлік ағымдар, рафизилер, мүшаббиха,

кәррәмия секілді топтарда кездескен. Кейбір қайнар

көздерде «араз» бен «жисм» мәселесін сол ерте

кезеңдерде Амр ибн Ұбәйд күн тәртібіне қойып,

пікірталастар жүргізілген. Сонымен қатар, Әбу

Ханифаның кәләм ілімімен айналысып Куфа мен Бас-

рада мұғтазилиттермен пікірталастар жүргізгендігі

әмбеге аян. Ал мұғтазилиттер мұсылмандар арасында

аударма әрекеттері басталмай тұрып-ақ, пәлсапалық

терминдерді кең қолданғандықтан, олармен пікірталас

барысында Әбу Ханифаның да осы тақырыптарды

қозғаған болуы ықтималдығын айта келіп, осыған

қатысты кейбір айғақтарды келтірген.

Содан кейін аят (мұғжиза), керемет және исти-

драж сөздеріне талдау жасай келіп, аят (мұғжиза)

ұғымдарының Құрандағы мағыналарына сәйкес

қолданылғандықтан, мұның таңқаларлық бір жағдай

емес екенін, бертін келе Пайғамбарымызға тән табиғат

заңдылықтарына байғынбайтын жағдайларды білдіру