366
Әбу Ханифа және ханафи мәзһабы
иржә түсінігін түрлі жолдармен жоққа шығарған. Оның
ұстанған иржә түсінігі – Құран мен сүннеттен алынған
сунни көзқараспен толық үйлесетін түсінік
659
.
4. әр-Рисәлә. Бұл Әбу Ханифаның басралық ғалым
Осман әл-Баттиге (қ. Һ. 143 ж.) өзін (Әбу Ханифаны)
мүржия деп кіналаушылардың бар екенін, оған қарата
«адасушылықтағы мүмин» сөзі қолданылғандығын,
мұның өзіне ауыр тигенін айтқан пікірлеріне жазған
жауабынан тұратын шығарма болып табылады
660
.
Бұл шығарманың Әбу Ханифаға тиесілі екендігін
ғылымдардың барлығы бірауыздан мойындайды. Тіпті,
оның еңбектері жайлы көбіне негативті пікір ұстанған
ориенталистердің өзі әр-Рисәләның Әбу Ханифаға тән
екендігін құптаған
661
. Әбу Ханифаның өз қолымен
жазған жалғыз шығармасы осы. Қалған шығармаларын
ол шәкірттеріне ауызша айту арқылы жаздырған
662
.
5. әл-Уасия. Имам Ағзамның баласы Хаммадқа,
шәкірті Әбу Юсуфқа және Юсуф ибн Халид әс-Сәмти
мен достарына арнап жазған өсиеттері бар. Бұл
шығармалар көбіне әдептілік қағидаларын қамтыған.
Нұх ибн Мәриямға жасалған өсиетте әділ қазының
үкім шығаруда қандай негіздерге жүгіну керектігі мен
үкім шығару әдебі жайы сөз болған.
Әбу Ханифаның барлық достары мен шәкірттеріне
қарата айтылған өсиеті қысқаша бір ақида кітабы іспетті.
Әбу Ханифаның әл-Уасиясы дегенде осы шығарма еске
түседі. Бұл шығармада иман-амал, истуаның дәлелі,
659
М. Игит, 88-91-б.
660
Әбу Ханифа,
Рисәлә илә Усман әл-Батти,
(тахқиқ М. Зәхид әл-
Кәусәри), Әнуар баспаүйі, Каир, 1368
661
Шахт, «Abu Hanifa al-Numan» Encyclopedia of Islam, I/123-б.
Қараңыз. М. Игит, 91-92-б.
662
И. Челеби, 2-т., 194-б.