Previous Page  371 / 400 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 371 / 400 Next Page
Page Background

371

Әбу Ханифа және ақидалық көзқарастары

Фиқһ кітаптарының жазыла бастауы

Ханафиліктің таралуының тағы бір негізгі

себептерінің бірі – ханафи фиқһ кітаптарының Әбу

Ханифа мен шәкірттерінің кезінде жазыла бастауын-

да. Алдыңғы бөлімде айтып өткеніміздей, фиқһтық

мәселелер әуелі қырық кісілік арнайы алқада әбден

талқыланып, ой сүзгісінен өткеннен кейін мына Зуфәр

ибн Хузәйл, Әбу Юсуф, Дәуіт ат-Таий, Әсәд ибн Амр

әл-Бәжәли, Юсуф ибн Халид әс-Сәмти, Әбу Мутғи әл-

Балхи, Нұх ибн Әбу Мәриям, Мұхаммед ибн Уәхб, Аия

ибн Язид секілді фақиһтар оларды жинап, жүйелеп

хатқа түсірген

666

. Бұлардың арасынды Әсәд ибн Амр

әл-Бәжәли, Нұх ибн Әбу Мәриям, Әбу Юсуф пен қатар

Имам Ағзамның дәріс алқасына отыз жыл қатысқан

Яхия ибн Зәкәрияның ханафи фиқһының жазылып,

жинақталуында белсенді түрде атсалысқандықтары

айтылады

667

.

Әбу Юсуфтың біздің заманымызға дейін келіп

жеткен төрт шығармасы, Имам Мұхаммедтің «Захирур-

риуая» кітаптары тобының арасындағы алты кітабы мен

«Надирур-риуая» кітаптары сол кездегі Ирак фиқһын

танытатын негізгі әрі сенімді қайнаркөз кітаптар болып

табылады.

Әбу Ханифаның алғашқы шәкірттерінің шәкірттері

саналған Исмаил ибн Хаммад, Әбу Сүлеймен әл-

Жузжани(Журжәни), Әбул Хафс әл-Кәбир, Бишр ибн

Ғияс, әл-Мәриси, Иса ибн Әбан, Ибн Сәмаа, Бишр ибн

Уәлид әл-Кинди, Яхия ибн Әксам, Хиләлуррай секілді

ғалымдар да фиқһтың әр түрлі салаларында еңбек

666

Сәймиәри, 2, 107-б.; Мекки, 1-т, 66-б.

667

Бардакоглы, 3-б.